Астана қаласында Креативті индустрияларды дамыту қорының бастамасымен 27 шілде мен 30 тамыз аралығында «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жоба 8-20 жас аралығындағы балалар мен жастарға арналған. Қатысушылар тәжірибелі шеберлерден ұлттық қолөнердің 10 бағыты бойынша тегін білім алып, дәстүрлі өнердің қыр-сырын тәжірибе арқылы меңгереді.
Бағдарлама барысында жасөспірімдер ұлттық қолөнердің технологиясымен танысып қана қоймай, өз қолдарымен бұйым жасап, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Оқу 2026 жылғы 27 шілде мен 30 тамыз аралығында Астана қаласындағы Qazaq Creative Hub алаңында (Жошы хан көшесі, 16/2) өтеді.
Қатысу тегін. Сонымен қатар барлық қажетті материалдар мен құралдар ұйымдастырушылар тарапынан қамтамасыз етіледі.
«Ұлттық қолөнер мектебі» – ұлттық мұраны сақтап, дәстүр сабақтастығын нығайтуға бағытталған жоба. Ол жас буынның шығармашылық әлеуетін дамытуға, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға және қолөнердің өміршеңдігін жаңа буын арқылы жалғастыруға мүмкіндік береді.
Өтінім қабылдау жалғасуда. Қатысуға өтінім беру үшін келесі сілтемені толтыру қажет: https://docs.google.com/forms/d/1TGvM5_ZM2-6MtFdVDwmrN4fybNJIDbvvNkPqu9X_SD8/viewform?edit_requested=true
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1258936?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау