Біржан сал ауданында Call-орталық жұмыс істейді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Біржан сал ауданының тұрғындары!

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді

 

Сайлаушылар тізімі тұрақты тіркеу негізінде жергілікті атқарушы органдармен (әкімдіктер) тұрғылықты жері бойынша жасалатынын назарларыңызға жеткіземіз. Тұрақты тіркеуі жоқ не тіркелген жері бойынша дауыс беру күні болуды жоспарлайтын азаматтар дауыс беру күніне дейін          30 күннен кешіктірмей (2026 жылғы 23 шілдеден кешіктірмей) Біржан сал ауданының әкімдігіне (Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, 23 мекенжайы бойынша) өтініш беруі қажет.

Осы құқықты:

 – дауыс беру күні олар тіркелген жерінде болмайтынын білетін азаматтар;

– жоғары және орта арнаулы мекемелерде оқитын және жатақханадан тыс тұратын басқа қаладан келген студенттер;

 -вахталықәдіспен жұмыс істейтіназаматтар пайдаланаалады.

Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға құқығы бар азаматтар тізімдерінің барынша дәйектілігі мақсатында, Біржан сал ауданында                       8 (71639) 21912 телефоны бойынша қоңырау шалып, сайлаушылар тізіміне енгізу және деректердің дұрыстығы туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін Call-орталық жұмыс істейді.

 Call-орталықтың жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-birzhan-sal/press/news/details/1257874?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version