Бородулиха ауданына аудан әкімі тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бородулиха ауданына аудан әкімі тағайындалды

 

Абай облысы әкімінің өкімімен, Президент Әкімшілігінің келісімі және аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен Талғат Батырұлы Мұратов Бородулиха ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

 

Талғат Батырұлы 1972 жылғы 28 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Ол үш жоғары оқу орнын тәмамдаған. 2007 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында «сарапшы-бағалаушы» мамандығын меңгерсе, 2015 жылы Қазақстан инновациялық университетінен «Құқықтану» мамандығы бойынша диплом алған. Ал 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетінде «Техника және технология» мамандығын аяқтаған.

 

Еңбек жолын жеке кәсіпкерлік саласында бастаған. Қызмет барысында Бесқарағай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде бас маман болып еңбек етіп, кейін Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімін басқарған. Сонымен қатар Жарма ауданы әкімінің орынбасары, Бесқарағай ауданының әкімі, Семей қаласының әкімі және Абай облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

 

Соңғы уақытқа дейін Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болған Талғат Мұратов енді ауданның әкімі ретінде жұмысын жалғастырады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-boroduliha/press/news/details/1258425?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version