ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ М.И. ӘЛЖАН ҚОСА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫС ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМДАРДЫ ҚОСА АТҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түсіндіру барысында Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қосымша жұмыс істеу, лауазымдарды қоса атқару, қызмет көрсету аймағын кеңейту және уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін атқару мәселелерін реттейтін негізгі ережелері қаралды.

Еңбек қатынастарын рәсімдеу тәртібі, қосымша жұмысты орындау шарттары, қосымша ақы белгілеу тәртібі, сондай-ақ жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің еңбек заңнамасында көзделген құқықтары, міндеттері және кепілдіктері түсіндірілді.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі нормаларын практикада қолдану мәселелеріне, оның ішінде қоса атқаратын жұмыс пен лауазымдарды қоса атқарудың айырмашылықтары мен оларды рәсімдеу ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды.

Аталған тақырып бойынша толық бейнетүсіндірмені төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1259070?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version