ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы И.Скубтың төрағалығымен және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдерінің қатысуымен Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ұжымымен онлайн форматта жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын ұстануы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және құқық бұзушылықтардың жолын кесу мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, азаматтардың өтініштерін қарау сапасы мен мерзімдерін қамтамасыз ету мақсатында «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түсетін өтініштерді уақытылы қарау, заңнамада белгіленген мерзімдерді қатаң сақтау және аталған бағыттағы жұмысты күшейту мәселелері пысықталды.
Кеңес қорытындысында жауапты қызметкерлерге қолданыстағы заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау, азаматтардың өтініштерін сапалы әрі уақтылы қарауды қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1257856?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау