Джиу-джитсудан Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласында 16–19 шілде күндері джиу-джитсудан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді. Халықаралық деңгейдегі бұл додада Азия құрлығының үздік спортшылары бас қосып, өзара бақ сынайды.

Аталған чемпионатта ел намысын қорғау құрметі қаламыздың бірқатар талантты спортшыларына бұйырды. Олар ұзақ жылғы дайындық пен табанды еңбектің нәтижесінде ұлттық құрама сапында өнер көрсетпек.

Ерлер арасында:

  • Елубайұлы Әкбар — +94 кг салмақ дәрежесі
  • Тоқтыбаев Талант — 85 кг
  • Батырхан Олжас — 62 кг

Әйелдер арасында:

  • Ахмет Қымбат — 52 кг
  • Мергенбай Алтынай — 57 кг
  • Утегенова Ақжүніс — 57 кг
  • Қалыбай Аяжан — 70 кг
  • Шукурова Роза — 45 кг

Спортшыларымыздың әрқайсысы бұл додаға үлкен жауапкершілікпен дайындалып, ел абыройын асқақтатуға бар күш-жігерін салмақ. Азия чемпионаты — тәжірибе жинақтап, шеберлікті шыңдайтын маңызды жарыстардың бірі.

Жерлестерімізге сәттілік тілейміз! Жеңіс тұғырынан көрініп, Қазақстанның көк туын биікте желбірете берсін!  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sport/press/news/details/1258460?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version