Елдікті нығайтқан кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан басшысы Ардагерлер ұйымының, Қоғамдық кеңестің мүшелерімен және зиялы қауым өкілдерімен маңызды кездесу өткізді. Жиында Конституциялық реформалардың халық өміріне тигізер оң әсері, құқықтық мемлекет құру жолындағы жаңа қадамдар мен алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды.

Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Омарұлы сөз алып, жаңа Ата Заңның ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталып:

«Жаңа Конституция — бұл ел бірлігі мен әділеттіліктің кепілі. Біз, ардагерлер қауымы, елдегі оң өзгерістерді толық қолдаймыз. Тәжірибеміз бен ақылымызды осы реформаларды халыққа, әсіресе жастарға дұрыс түсіндіруге жұмсауға дайынбыз. Елдің іргесі берік, болашағы жарқын болсын!», – деп атап өтті

Кездесу соңында ел ағалары ауданның қоғамдық – саяси өміріне белсене араласып, жаңа заң талаптарының жүзеге асуына бірлесе атсалысуға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-bayzak-ayil/press/news/details/1258879?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version