Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына түзетулер әзірленуде
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рәсімдерін жетілдіру шеңберінде «Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасын әзірлеуде.
Жоба мемлекеттік сатып алуды ерекше тәртіппен жүзеге асыру тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 589 бұйрығында белгіленген шекті мәндерден асқан жағдайда, мұндай мемлекеттік сатып алуларды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың деңгейінде, яғни жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу басқармалары арқылы жүзеге асыру ұсынылады.
Жобаны қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етпейді, теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға қосымша өзгерістер енгізу қажеттілігін туындатпайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-memlekettik-satyp-alu/press/news/details/1258624?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау