Хабарландыру!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Ұлттық зияткерлік меншік институты (Qazpatent), Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау мәселелеріне арналған тегін онлайн-семинар өткізеді.
Осыған орай, Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті кәсіпкерлерді, тауар өндірушілерді, бизнес өкілдерін және зияткерлік меншік саласына қызығушылық танытатын барлық азаматтарды зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған тегін онлайн-семинарға қатысуға шақырады.
Іс-шара барысында тауар белгілерін, географиялық көрсеткіштерді, өнеркәсіптік үлгілерді тіркеу тәртібі, өтінімдерді беру және Qazpatent жүйесімен жұмыс істеу бойынша практикалық түсіндірмелер беріледі.
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!

📅 16 шілде 2026 жыл
🕙 10:00
💻 Zoom конференциясына қосылу:
Конференция идентификаторы:
285 329 1008
Қатынас коды: 20262026

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1257859?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version