«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2026 жылдың 20 шілде күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс LІV сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.
Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:
- «2026-2028 жылдарға арналған Индер ауданының бюджетін бекіту туралы» Индер аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №194-VIIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Қонасова Гүлмира Әмірғалиқызы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
- Басқа да мәселелер.
Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылдың 20 шілде күні сағат 09.30-да аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.
Индер аудандық мәслихатының аппараты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-inder-district/press/news/details/1258709?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау