Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл жанындағы “Еркіндік рухы» жастар комиссиясы мен Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының бірлескен ұйымдастыруымен «ЕМБІМҰНАЙГАЗ» АҚ қызметкерлеріне арналған «Конституция және қоғам» тақырыбында құқықтық-танымдық кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері туралы ақпарат беру және заңға құрметті дәріптеу.
Іс-шараға спикер ретінде:
Абдолов А. – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі;
Максутов Р. – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдігінің жанындағы сараптамалық кеңес мүшесі;
Қалдыгулов М. – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдігінің жанындағы сараптамалық кеңес мүшесі;
Асқарұлы Әли – Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының маманы;
Еркинова М.М. – «Еркіндік рухы» жастар комиссиясының мүшесі қатысты.
Спикерлер қатысушылармен құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызы, Конституцияның қоғамдағы орны, адам құқықтарын қорғау тетіктері және әрбір азаматтың заң алдындағы жауапкершілігі туралы мазмұнды пікір алмасты. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық диалог алаңында еркін пікір алмасты.
Сонымен қатар шара барысында Ата Заңымыздың негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, адам құқықтарын қорғау институттарының қызметі, құқықтық мәдениеттің қоғамдағы орны және азаматтық жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесу соңында ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға, Конституцияға деген құрметті арттыруға және азаматтық жауапкершілігі жоғары тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
РСК Атырау
https://www.facebook.com/reel/1731047987936843/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1259268?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау