МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, НАҚТЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, НАҚТЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ
 
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін бірқатар өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
 
Жиында ең алдымен ағын су ресурстарын тиімді пайдалану, суармалы жерлердің жай-күйі және вегетациялық кезеңді тұрақты өткізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, ауа-райының күрт ысуына байланысты өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы мен тілсіз жаудың алдын алу шаралары кеңінен қаралды. Жауапты сала басшыларының баяндамалары тыңдалып, мекемелердің дайындығына баға берілді.
 
Сонымен қатар, мәжілістің күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің қатарында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен индикаторлық жоспарлардың орындалу барысының есебі тыңдалып, алдағы міндеттері айқындалды.
 
Одан бөлек, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобалар, өндірістік парк аумағын дамыту және жаңа инвестициялық жобаларды тарту, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының орындалуы, аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері де кеңінен талқыланған жиында D және E санаттары бойынша электрондық еңбек шарттары мен міндетті зейнетақы жарналарына қатысты сәйкессіздіктерді жою бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың жай-күйіне, ауданның қоғамдық-саяси ахуалына да жан-жақты талдау жасалды.
 
Мәжілісте барлық қаралған мәселелердің тұрғындардың әл-ауқаты мен өңірдің тұрақты дамуы үшін маңызды екенін атап өткен аудан әкімі жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, белгіленген міндеттердің сапалы әрі мерзімінде орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1258302?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version