Жаңа Заңның 28-бабының 6-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес (GPA баллы 3,33-тен жоғары) оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар конкурс өткізілместен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналаса алады.
Ендігі кезекте жоғары оқу орнын мемлекеттік грант негізінде тәмамдаған түлектер ғана емес, ақылы негізде білім алған түлектер де конкурс өткізілместен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу мүмкіндігіне ие болды.
Қосымша ақпарат алу үшін Түркістан қаласы әкімдігінің ғимаратына келуге немесе төменде көрсетілген байланыс телефондары арқылы жауапты мамандарға хабарласуға болады.
Мекенжайы:
Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әмір-Темір көшесі №1
Байланыс телефондары:
+7 775 199 01 96 – Бекділда Жансая
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1258661?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау