Меморандум аясында ағымдағы жылдың 10 шілдесінде «Чингиз» ЖШС «Ашық есік күнін» ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылы 2 шілдесінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қызылорда қаласындағы GPP (Тиісті дәріханалық практика) сертификатына ие дәріхана ұйымдары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум фармацевтикалық қызмет көрсету сапасын арттыруға, GPP стандарттарын дамытуға және бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
 
Осы меморандум аясында ағымдағы жылдың 10 шілдесінде «Чингиз» ЖШС «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Іс-шараға Департамент басшысы Жақсылық Жанерке Алмасқызы, басшы орынбасары Ермекбаев Нұрсұлтан Әлімбайұлы, Департамент мамандары қатысты.
 
Іс-шара барысында қатысушылар дәріхананың жұмысымен, дәрілік заттарды сақтау жағдайларымен және фармацевтикалық қызмет көрсету ерекшеліктерімен танысты. Ашық есік күні қала халқының дәрілік заттарды ұтымды қолдану және фармацевтикалық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
 
Сондай-ақ, Life Cor, Иберогаст және SANTO компанияларының өкілдері келушілерге дәрілік заттарды дұрыс қолдану бойынша кеңес беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
Іс-шара барысында келушілерге антибиотиктерді ұтымды қолдану, өзін-өзі емдеудің қауіптері, дәрілік заттарды дұрыс қабылдау қағидалары және Тиісті дәріханалық практика (GPP) туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, халықтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, дәрілік заттарды қауіпсіз әрі ұтымды қолдану мәдениетін арттыруға, сондай-ақ ұтымды фармакотерапия қағидаттары жөніндегі ақпараттандыру деңгейін көтеруге ықпал етті.
 
Айта кету керек, «Чингиз» ЖШС өз қызметін дәріханалар желісі мен дәріхана қоймасы арқылы жүзеге асырады. Кәсіпорын нысандарының Тиісті дәріханалық практика (GPP) және Тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) стандарттарының талаптарына сәйкестігі сертификаттау рәсімдері барысында бірнеше мәрте расталған.
 
Іс-шара қорытындысында Департамент басшысы Жақсылық Жанерке Алмасқызы «Чингиз» ЖШС басшысына Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып келе жатқан елеулі үлесі, қоғамдық маңызы бар бастамаларға тұрақты қолдау көрсетіп, өңірде өткізілетін іс-шараларға белсенді атсалысып жүргені үшін шынайы ризашылығын білдіріп, алғыс хатын табыстады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1258364?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version