МКК мемлекеттік шекара арқылы жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкетуге бақылауды күшейтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) заңсыз әкетудің алдын алу мақсатында Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мобильді топ құрылды.

 Күн сайын Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері Hyundai Staria мамандандырылған автокөлігімен құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп патрульдеу жұмыстарын жүргізуде.

Бақылау іс-шаралары Абай облысының автомобиль жолдарында өткізіліп, көлік құралдарының қозғалысына үздіксіз мониторинг жүргізуге және мемлекеттік шекара арқылы жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкету әрекеттерін дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

 Шекара маңындағы учаскелерде мониторинг пен бақылау жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1257822?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version