Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Ақтөбе облысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Бисенғалиеваның төрағалығымен өтті.

Жиынға Үйлестіру кеңесінің мүшелері, құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері, қоғамдық ұйымдар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кеңестің күн тәртібінде мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, облыстағы инклюзивті білім берудің жай-күйі, мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылыс барысы, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы, спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру, аудандардағы қамтуды кеңейту және бейімделген спорттың заманауи бағыттарын дамыту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, мүгедектік пен оңалту көрсеткіштері сараланып, мүгедектігі бар адамдарды өтеусіз пайдалану және қайтару шарттарымен берілетін жеке техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, сондай-ақ арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысы қаралды.

Жиын қорытындысында күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, жауапты мекемелердің ұсыныстары тыңдалды. Кеңес мүшелері мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1259125?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version