Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының инспекторлары «ҚазТрансОйл» АҚ-ның «Құмкөл» МАС-та жоспарлы тексеру жүргізуде. Тексеру аясында магистральдық мұнай құбырларының техникалық жай-күйі, қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалану талаптарының орындалуы, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектіні техникалық қайта жарақтандыруға қатысты іс-шаралардың іске асырылуы зерделенді. Сонымен қатар өндірістік бақылау қызметінің ұйымдастырылуы, оның штат санының белгіленген нормативтерге сәйкестігі және жүктелген міндеттері мен функцияларының орындалуы назарға алынды. Қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда бақылау субъектісіне қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау актілері табысталады.
Қауіпті өндірістік объектілерде талаптарды сақтау авариялар мен оқиғалардың алдын алуға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1258563?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау