Нурбек Нурлан – призёр XXV Чемпионата Республики Казахстан по тогызкумалаку!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 20–29 маусым аралығында Астана қаласында балалар мен кіші жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының XXV чемпионаты өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік жас спортшылар қатысқан бұл додада тартысты бәсекелер ұйымдастырылып, қатысушылар өзара бақ сынасты.

Аталған республикалық чемпионатта Нұрбек Нұрлан жоғары шеберлік танытып, жүлделі III орынды иеленді.

Бұл жетістік – спортшының табанды еңбегі мен тынымсыз дайындықтарының, сондай-ақ жаттықтырушысының кәсіби еңбегінің нәтижесі.

Нұрбек Нұрланды осы айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз. Деніне саулық, оқуда озат болып, спорттық жолында толағай табыстар тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-mointy/press/news/details/1258998?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version