Облыстық мәслихат депутаттары Қарағанды қаласындағы бірқатар мектептердің күрделі жөндеу барысын тексерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстық мәслихаттың төрағасы Нұркен Кобжанов облыстық мәслихат депутаттары А.Т.Есқалиевамен, Е.Б.Жүнісовпен, А.К.Қалыковпен, Н.Э.Мұнасиповпен, Ж.Серікұлымен және З.Х. Шалабаевамен бірлесіп Қарағанды қаласының білім беру нысандарында жүзеге асырылып жатқан күрделі жөндеу жобаларының орындалу барысына көшпелі мониторинг жүргізді.

Жұмыс сапарына білім басқармасының басшысы Д.Ш.Жекебаев, Қарағанды қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.М.Әшім, білім беру ұйымдарының басшылары және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Депутаттық бақылау аясында №5 мектеп – қосымша білім беру орталығы, №45 гимназия, Н.Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектеп, №10 мектеп және №97 гимназия нысандары араланды. Аталған білім беру ұйымдарында ішкі әрлеу жұмыстары, инженерлік коммуникацияларды ауыстыру, электр монтаждау, жылыту және желдету жүйелерін орнату, спорт залдары мен қасбеттерді жөндеу, сондай-ақ аумақтарды абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Нысандардың дайындық деңгейі 50%-дан 85%-ға дейін.

Мониторинг барысында жұмыс кестесінің сақталуы мен орындалып жатқан жұмыстардың сапасына ерекше назар аударылды. Бірқатар нысандарда құрылыс жұмыстарының сапасына қатысты ескертулер беріліп, олар мердігер ұйымдардың назарына жеткізілді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мердігер ұйымдарға анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою, орындалып жатқан жұмыстардың сапасына бақылауды күшейту, құрылыс нормаларының сақталуын қамтамасыз ету және күрделі жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде ұсынымдар берілді.

Білім беру нысандарындағы күрделі және ағымдағы жөндеу жобаларының іске асырылуына депутаттық бақылау жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandinskoy-oblasti/press/news/details/1258650?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version