Орынборда өткен қазақстандық-ресейлік семинар қорытындысы бойынша ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Алғыс хаттары табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Орынбор қаласында өткен Жайық (Орал) трансшекаралық өзені бассейні экожүйесін сақтау бойынша Қазақстан мен Ресей тараптарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талқылауға арналған семинар қорытындысы бойынша табиғатты қорғау ісіне белсенді үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Алғыс хаттарымен бірлескен экспедицияларды ұйымдастыруға тұрақты қолдау көрсетіп, Жайық (Орал) трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау мәселелерін шешуге белсенді қатысып жүрген, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы экологиялық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосқан қоғам өкілдері мен мамандар марапатталды.

Министрлік Жайық өзенінің бірегей экожүйесін сақтауға өз үлесін қосып жүрген барлық азаматтарға шынайы ризашылығын білдіреді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1259062?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version