Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде ағымдағы жылғы 14 шілдеде облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен этнос жастары арасында облыстық «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты конкурсы өтті.
Аталған конкурс мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге этнос жастарын анықтау және оларды қолдау, ынталандыру, сондай-ақ жастар арасында тіл мәдениетінің деңгейін, қолданылуын арттыру мен жастардың мәдени, рухани дамуына үлес қосу мақсатында өткізілді.
Конкурс ереже талаптарына сәйкес 4-кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңінде қатысушылар өздерін таныстырып, өз өнерлерін көрсетті, екінші кезеңде ұсынылған мақал-мәтелді жалғастырды, үшінші кезеңде отан, туған жер, салт-дәстүр, белгілі тұлғалар тақырыптарында ойларын жеткізді, ал төртінші кезеңде берілген сұрақтарға жауап берді.
Байқау нәтижесі бойынша III орынға Май ауданының үміткері Чаймарданова Аида, II орынды Тереңкөл ауданының үміткері Мендрышора Дания иеленсе, жүзден жүйірік атанып, Республикалық байқауға жолдамаға және I орынға Шарбақты ауданының үміткері Бекк Альвина ие болды.
Барлық қатысушылар ақшалай сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-archive/press/news/details/1258229?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау