2025 жылы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыттарын салу бойынша Инвестиция туралы келісімдер жасалды. Аталған келісімдер шеңберінде электр энергиясына 1 кВт/сағ үшін 55 теңге тариф бекітілді.
Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату тетігін енгізудің негізгі мақсаты – қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру, қалдықтарды көму полигондарына түсетін көлемін қысқарту, қалдықтарды кәдеге жарату саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және соның нәтижесінде қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін төмендету болып табылады.
Бүгінгі таңда қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобалары Еуропа елдерінде, Оңтүстік Кореяда, Қытай Халық Республикасында, Жапонияда және т.б. сәтті іске асырылуда.
Қазақстанда іске асырылып жатқан жобалар Еуропалық Одақтың өнеркәсіптік шығарындылар туралы директивасының талаптарын сақтауды көздейді, осылайша атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын барынша азайтуды қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты, бүгінгі күні облыс орталықтарындағы әлеуетті инвесторлармен тікелей осындай шарттармен инвестициялар туралы келісім жасасу мәселесі қаралуда.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы аумағында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобаларын іске асыруға ниетті және дайын мүдделі инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауға және ұсынылған бастамаларды жан-жақты пысықтауға дайын екенін білдіреді.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мекен-жайы: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8 «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс, тел.: +7 7172 74 08 44.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-tabigat/press/news/details/1258865?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау