Қарабұтақ–Қостанай автожолындағы құрылыс жұмыстары қарқын алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📌 Қарабұтақ–Қостанай республикалық маңызы бар автомобиль жолында құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасуда. Аудан әкімі Дәулетияр Тоғызбаев жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, мердігер ұйымдардың атқарып жатқан жұмыстарын бақылап шықты.

🔵 Бұл жол учаскесі аудан үшін стратегиялық маңызға ие. Аталған бағыт арқылы Әйке, Тереңсай, Сұлукөл, Құмқұдық және Ақтасты ауылдарының тұрғындары күнделікті қатынайды. Сонымен қатар Қостанай облысына, Астана қаласына және еліміздің солтүстік өңірлеріне қатынайтын көлік қозғалысы да осы жол арқылы жүзеге асады.

📌 Жол құрылысының сапасы тұрақты бақылауда. Төселген әрбір жол қабатынан сынамалар алынып, зертханалық тексеруден өткізілуде. Нысандарға екі жылдық кепілдік мерзімі белгіленген. Осы кезең ішінде анықталған кемшіліктер мердігер ұйымдардың қаражаты есебінен жойылатын болады.

✅ Өңірде жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-transport/press/news/details/1258973?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version