Қарғалы ауданында шөп жинау науқаны басталды
Қарғалы ауданында қысқы мал азығы қорын қалыптастыруға бағытталған шөп дайындау науқаны басталды. Бүгінде ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары мен шаруа қожалықтары шабындық алқаптарында қызу жұмыс жүргізіп, табиғи және екпелі шабындықтардан сапалы мал азығын әзірлеуге кірісті.
Науқан барысында арнайы техникалар толық жұмылдырылып, шөпті уақытылы әрі сапалы дайындауға басымдық берілуде. Қысқы кезеңге жеткілікті мал азығын қорландыру – ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды міндеттердің бірі.
Еңбеккерлерге толағай табыс, қолайлы ауа райы және науқанның сәтті аяқталуын тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1258734?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау