Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік жаңа бағыттар бойынша қарқынды дамып келеді. Мемлекет басшысының ҚХР бизнес өкілдерімен кездесуі сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға және жоғары технологиялар саласындағы өзара ықпалдастықты дамытуға тың серпін берді.
Кездесу барысында цифрлық трансформация, жасанды интеллект, аса маңызды минералдарды игеру, AgriTech және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Президент Қазақстанның инновацияға негізделген экономиканы дамытуға және халықаралық инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға басымдық беретінін атап өтті.
Жиынға Қытайдың мемлекеттік органдары мен жетекші технологиялық, өнеркәсіптік және логистикалық компанияларының басшылары қатысып, екі ел арасындағы өзара тиімді әріптестікті одан әрі кеңейтуге бағытталған бастамалар мен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-kazcik/press/news/details/1259014?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау