Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 2026 жылғы 23 сәуірде фармацевтикалық субъект өкілдерімен семинар өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 2026 жылғы 23 сәуірде фармацевтикалық субъект өкілдерімен семинар өткізді. Семинарда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мәселелер, фармацевтикалық қызметті сертификаттау және лицензиялауға қатысты мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинарға қатысушыларға департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативті көмек (мемлекеттік қызметшілерге, жеке және заңды тұлғаларға) көрсететіндігін және департаменттің ресми сайтында, Facebook парақшасында орналасқан Әдеп жөніндегі уәкілдің бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке қабылдаулар болатыны айтылды.
Семинар соңында Департамент басшысы А.Абилова фармацевтикалық инспекциялау қорытындылары бойынша фармацевтикалық қызмет субъектілеріне Тиісті дәріханалық практика (GPP) стандарты талаптарына сәйкестігін растайтын сертификаттарды табыстады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-atyrau/press/news/details/1258859?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version