ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті дәрілік заттар (ДЗ) мен медициналық бұйымдарды (МБ) жою қағидаларын қатаң сақтау қажеттігі туралы хабарлайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес келесілерді сақтау қажет:

🔹 Кім және қалай жояды?

  • 300 қаптамаға (данаға) дейін – жоюды субъектінің өзі жүзеге асырады. Ол үшін ұйым басшысы тұрақты жұмыс істейтін комиссияның құрамын (кемінде 3 адам) бекітеді.
  • 300 қаптамадан (данадан) астам – жою рәсімі шарт негізінде тек мамандандырылған ұйым арқылы жүзеге асырылады.
  • Маңызды: Екі жағдайда да Қазақстан Республикасының экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық заңнамасының талаптары қатаң сақталуға тиіс.

🔹 Мерзімдері және сақтау тәртібі

  • Жоюға дейін жарамсыз өнімдер (ақаулы, жарамдылық мерзімі өткен, жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар) арнайы қорғалған жерде оқшауланып сақталуы және «Тиісті шаралар қабылданғанға дейін өткізуге жатпайды» деген таңбамен белгіленуі тиіс.
  • Жою рәсімі жарамсыз өнімдердің жиналуына қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет, комиссияның қатысуымен және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

🔹 Жою актісін рәсімдеу

  1. Жою актісі бекітілген нысан бойынша жою жүргізілген күні ресімделеді.
  2. Актінің бір данасы бес жұмыс күні ішінде міндетті түрде аумақтық департаментке жолданады.

⚠️ Аталған талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою рәсімінің белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізілуін қатаң бақылауды және есептіліктің уақтылы ұсынылуын сұраймыз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-ulytau/press/news/details/1258513?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version