Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың қауіпсіздігі – ең басты назарда!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың басынан бері Өскемен қаласында дәрілік препараттармен, тұрмыстық химиялық және өзге де улы заттармен улану салдарынан 53 кәмелетке толмаған бала денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізілді.

Бұл – әрбір ата-ананы алаңдатуы тиіс маңызды көрсеткіш. Көп жағдайда мұндай оқиғалар балалардың дәрі-дәрмекке немесе тұрмыстық химия құралдарына еркін қол жеткізуінен болады.

Осыған байланысты сіздерді қарапайым, бірақ өте маңызды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз:

•дәрі-дәрмектерді, тұрмыстық химиялық заттарды және басқа да қауіпті құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;

•оларды түпнұсқа қаптамасында ұстаңыз және сусын құтыларына немесе басқа ыдыстарға құймаңыз;

•балаларға дәрі-дәрмекті ешқашан тәтті немесе кәмпит ретінде көрсетпеңіз;

•дәрі қабылдағаннан кейін қаптамасын бірден қауіпсіз жерге қойыңыз.

 

Баланың өмірі мен денсаулығы – сіздің сақтығыңызға байланысты. Бір сәттік немқұрайлылық орны толмас жағдайға әкелуі мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1258326?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version