2026 жылғы 22 шілдеде «Тегін заңгерлік кеңес. Құқықтық сауаттылық» атты мерейтойлық республикалық акциясы аясында азаматтарды тегін заң көмегін көрсетумен қабылдау өтеді.
Акцияны «Сарыарқа» заңгерлік кеңесшілердің құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесіп өткізеді.
Барлық ниет білдірушілер азаматтық, отбасылық, тұрғын үй, еңбек, жер, әкімшілік және өзге де заңнамалар мәселелері бойынша тегін кеңес ала алады.
📅 Күні: 2026 жылғы 22 шілде
🕙 Уақыты: сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін
📍 Өтетін орны: Шахтинск қ., Қазақстан көшесі, 101, 1-кіреберіс, Азаматтарды қабылдау орталығы.
Қала және іргелес кенттердің тұрғындарын білікті заңгерлік көмекті тегін алу мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1258441?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау