Құрылтай депутаттарын сайлауы: сайлаушылар тізімін қалыптастыру тәртібі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.

📌Сайлауға қатысушылардың тізімдерін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелу негізінде жасайтынын назарларыңызға саламыз.
📌Уақытша тіркелген азаматтар жергілікті атқарушы органға өтініш беру негізінде, тұрақты тіркелген жері бойынша тізімнен шығарыла отырып, сайлаушылар тізіміне енгізіледі.
📌Тұрақты тіркеуі жоқ немесе дауыс беру күні тіркелген жерінен тыс жерде болуды жоспарлап отырған азаматтар дауыс беру күніне дейін 30 күннен кешіктірмей (23 шілдеден кешіктірмей) жергілікті атқарушы органға өтініш беруі қажет.
📌Бұл құқықты келесі азаматтар пайдалана алады:
✅ дауыс беру күні өздері тіркелген жерде болмайтынын алдын ала білетін азаматтар;
✅ жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын басқа қаладан келген студенттер.
☎️Өз деректеріңізді тізімнен тексеру үшін Сандықтау ауданы әкімдігінің Call-орталығына 8 (71640) 9 -17-14 телефоны арқылы хабарласуға болады.
📌Call-орталықтың жұмыс кестесі: ✅дүйсенбі-жұма — сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00 – 14.30).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1258233?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version