Сессия барысында келесі мәселелер қаралды:
– Мироновка, Теңдік, Тихоокеан, Драгомиров, Летовочный, Киров ауылдық округтері мен Тайынша қаласының бюджеттерін нақтылау туралы;
– «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 наурыздағы № 456/30 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
– «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 165 шешімінің күшін жою туралы;
– Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 106/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
– «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 291 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tayynshinskogo-rayona/press/news/details/1257916?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау