Самар ауданының спортшылары халықаралық фестиваль аясындағы халықтық спорт ойындарында жоғары нәтиже көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Самар ауданының спортшылары халықаралық фестиваль аясындағы халықтық спорт ойындарында жоғары нәтиже көрсетті
8–11 шілде аралығында Қатонқарағай ауданында халықаралық «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі өтті. Ауқымды шара Қазақстанның түкпір-түкпірінен және жақын әрі алыс шетелдерден келген 50 мыңнан астам көрерменнің басын қосты. Фестиваль аясында Шығыс Қазақстан облысының XXIV халықтық спорт ойындары ұйымдастырылып, оған өңірдің үздік спортшылары қатысты.
Самар ауданының намысын бұл жарыстарда көкпар командасы қорғады. Сонымен қатар аудан спортшылары ұлттық спорт түрлерінен жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Жарыстың алғашқы күні Қалымбек Нұрасыл жамбы ату сайысында үздік үштіктен көрініп, ІІІ орынды иеленді.
20-дан астам тұлпар қатысқан құнан бәйге жарысында Самар ауданының шабандоздары жүлделі орындарды жеңіп алды:
• I орын – Намозов Мұхаммедәлі (Құлынжон ауылының тұлпары, иесі – Руслан Шаиргазин);
• II орын – Шаиргазин Альтаир (Құлынжон ауылының тұлпары, иесі – Руслан Шаиргазин);
• IV орын – Замангелді Айсұлтан (Құлынжон ауылының тұлпары, иесі – Серікбол Жанұзақ).
Самар ауданы спортшыларының табысты өнер көрсетуі ұлттық спорт түрлерінің ауданымызда қарқынды дамып келе жатқанын және спортшылар мен тұлпарлардың жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте айқын көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1258319?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version