Сарқан ауданы әкімдігінің ғимаратында Ветеринария қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиында аудан әкімінің орынбасары Ғазиз Отарбайұлы Есжанов ветеринария саласының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сала мамандарының ауданның ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығын дамыту және эпизоотиялық тұрақтылықты сақтаудағы еңбегіне жоғары баға берді.
Бүгінде Сарқан ауданында 13 ветеринариялық пунктте 100-ден астам маман қызмет атқарады. Аудан аумағында 245 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануары тіркелген. Жыл сайын ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүздеген мың профилактикалық екпе салынып, диагностикалық зерттеулер жүргізілуде. Сонымен қатар, соңғы жылдары ауданда 7 жаңа ветеринариялық пункт пайдалануға беріліп, саланың материалдық-техникалық базасы кезең-кезеңімен нығайтылуда.
Іс-шара барысында ветеринария саласының дамуына қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясының Құрмет грамотасымен, Сарқан ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan/press/news/details/1258802?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау