САРЫАҒАШ: АҚЖАР ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ АУЫЗ СУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыағаш ауданында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы инфрақұрылымдық жобалар жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен іске асырылуда. Соның бірі – Ақжар ауылдық округіне қарасты Ақжар елді мекенінде жүзеге асырылып жатқан ауыз су жүйесінің құрылысы.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылыс алаңына арнайы барып, жобаның орындалу барысымен танысты. Жұмыстардың сапасы мен қарқынын бақылаған аудан басшысы жауапты сала мамандары мен мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс-монтаж жұмыстарын белгіленген талаптарға сәйкес әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Қазіргі уақытта нысан аумағында су қоймасын қоршау, диаметрлері 20, 63, 110 және 160 миллиметр болатын ауыз су құбырларын тарту, сондай-ақ су құдықшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін жалпы ұзындығы 45 шақырымға жуық ауыз су желісі төселіп, 175 су құдықшасы орнатылды.

Жоба толық аяқталғаннан кейін Ақжар елді мекеніндегі шамамен 7 мың тұрғын орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтылады. Бұл өз кезегінде халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, санитарлық-гигиеналық жағдайдың жоғарылауына мүмкіндік береді.

Аталған жобаның мердігері – «САҚ-ҚҰРЫЛЫС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының шамамен 60 пайызы орындалған.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1258864?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version