Сауран ауданында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен, аудан прокуроры Алмаз Асылбеков және аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Алмат Абидиновтың қатысуымен мекемеаралық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Мәжілісте аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстардың орындалу барысы, мемлекеттік органдар қызметіндегі өзекті мәселелер, заң талаптарының сақталуы және прокуратура тарапынан берілген ұсынымдардың орындалуы талқыланды.
Жиын барысында мемлекеттік органдар қызметінде анықталған кемшіліктерге назар аударылып, оларды жою, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру және заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Аудан прокуроры Алмаз Асылбеков мемлекеттік органдардың қызметінде заң талаптарын қатаң сақтау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне тоқталып, жауапты мекемелерге бірқатар міндеттер жүктеді.
Өз кезегінде аудан әкімі Мақсат Таңғатаров барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмыс істеуі, берілген тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуы және анықталған кемшіліктерді жедел жою қажеттігін атап өтті.
Мәжіліс қорытындысында жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1258830?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау