Шеген ауылында есеп беру кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 8 шілде күні  Жангелдин ауданының әкімі Д.Бидашевтің қатысуымен Шеген ауылының әкімі А. Бейсенбековтың халық алдындағы есеп беру кездесуі өтті. Кездесу барысында ауыл әкімі 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстарға тоқталып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру, инфрақұрылымды жақсарту, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады. Жиын барысында аудан әкімі тұрғындармен ашық пікір алмасып, көтерілген мәселелер бойынша өз пікірін білдіріп, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Барлық көтерілген мәселелер назарға алынып, заңнама аясында түсіндірмелер берілді.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-shegen/press/news/details/1257871?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version