Шығысқазақстандық спортшы Таиландта пара үстел теннисінен өткен халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО өкілі Ардақ Нұрмағамбетов Таиландта өтіп жатқан ITTF World Para Future Nakhon Ratchasima 2026 халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды.

Жарыс барысында спортшы бес кездесу өткізіп, Жапония мен Үндістан өкілдерін жеңді. Ал жартылай финалда Ардақ Қытай спортшысына есе жіберіп, жарыс қорытындысы бойынша қола медальді қанжығасына байлады.

Сенбі күні Таиландта турнирдің екінші кезеңі басталады. Онда жерлесіміз тағы да жүлде үшін бақ сынайтын болады.

Ардақ Нұрмағамбетовті жарқын жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

(Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті). 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1257995?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version