Өнер шабыттандырады. Құқық-қорғайды.
🎨15 шілдеде 2026 жылы Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері белгілі қостанайлық шеберлер Николай Торшин мен Александр Воткалдың шығармашылығын біріктірген «Сурет және мүсін» көрмесіне барды.
🖼️Ұсынылған туындылар-бұл мәдени мұра және жоғары шеберліктің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын зияткерлік меншік объектілері.
🖌️Әр суреттің, мүсіннің және көркемдік бейненің артында талант, шығармашылық ізденіс және авторлық ниет бар. Сондықтан авторлық құқықты қорғау мәдени құндылықтарды сақтаудың, шығармашылық қызметті қолдаудың және өнерді дамытудың маңызды шарты болып табылады.
✨Зияткерлік меншікті құрметтеу-бұл автордың еңбегін құрметтеу. Өйткені, бұл суретшілер мен басқа да өнер қайраткерлеріне еліміздің мәдени мұрасын сақтап, көбейте отырып, жаңа туындылар жасауға мүмкіндік беретін сенімді құқықтық қорғау.
Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1258667?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау