ТАҒАЙЫНДАУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетбаевтың бұйрығымен 2026 жылғы 15 шілдеден бастап «Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК басшысы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы лауазымына Ахатаев Бекнар Асқарұлы 3 айлық сынақ мерзімімен тағайындалды. Ахатаев Бекнар Асқарұлы 1998 жылғы 19 наурызда Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңаталап ауылында дүниеге келген. 2020 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Ветеринариялық дәрігер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2021 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған. 2024–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясының биологиялық қауіпсіздік бөлімінде бас маман болып қызмет атқарды. 2025 жылы аталған инспекцияның тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлімінің басшысы лауазымын атқарған. 2025 жылдың маусым айынан бастап 2026 жылғы 15 шілдеге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасына қарасты «Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК-ның ветеринариялық ұйымдастыру бөлімінде ветеринар маманы болып еңбек етті. Отбасылы. Екі бала тәрбиелеп отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-veterinaria/press/news/details/1258797?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version