Атамекен ауылында заңсыз қоқыс төгу фактілері анықталды
Атамекен ауылында жүргізілген рейдтік және мониторингтік іс-шаралар барысында белгіленбеген орындарға тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгу фактілері анықталды.
Құқық бұзушылыққа жол берген азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті айыппұл шаралары қолданылды.
Сонымен қатар, анықталған аумақтардағы шашылған қоқыстар жиналып, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау – әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Осыған байланысты барлық тұрғындарды тұрмыстық қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға шығаруға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға шақырамыз.
♻️ Таза ауыл – ортақ жауапкершілік!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-munayli/press/news/details/1258404?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау