«Таза Қазақстан»: полиция қызметкерлері демалушыларға тазалықты сақтаудың маңыздылығын түсіндірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында полиция қызметкерлері теңіз жағалауындағы демалыс орындарында профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Іс-шара барысында демалушыларға қоғамдық орындарды ластамау, қоқысты арнайы белгіленген орындарға тастау әрбір азаматтың міндеті екені түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік екенін атап өтіп, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырды.

Сонымен қатар, заң талаптарына сәйкес белгіленбеген орындарға қоқыс тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертілді.

Полиция азаматтарды тазалықты сақтауға, қоғамдық тәртіп талаптарын орындауға және табиғи аумақтарға жанашырлықпен қарауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1257968?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version