Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Р. Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралықта Төле би көшесін салу» жобасы аясында жол жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты .
Осыған байланысты 16 шілде – 20 тамыз аралығында Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында автокөлік қозғалысы толықтай жабылады.
Бұл кезеңде жүргізушілер келесі бағыттарды пайдалана алады:
– Тұран даңғылынан Е54 көшесі арқылы Төле би көшесіне дейін;
– Ұлы Дала даңғылынан жергілікті жол арқылы Төле би көшесіне дейін.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысы кезінде уақытша өзгерістерді ескерулері сұралады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1258597?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау