Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Асыл Аманғалиұлы Өміртаев «Мемлекеттік қызмет ардагері» медалімен марапатталды.
Асыл Аманғалиұлы қаржылық бақылау және мемлекеттік аудит саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, өз ісінің жоғары білікті маманы ретінде танылды. Қызмет жолында кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, жас мемлекеттік қызметшілердің қалыптасуына тәлімгер ретінде елеулі үлес қосып келеді.
Аталған марапат – оның мемлекеттік аудит жүйесін дамытуға, қаржылық бақылау саласының тиімділігін арттыруға және мемлекеттік қызметтің қағидаттарын адал ұстануға қосқан елеулі үлесінің жоғары бағалануының айқын көрінісі.
Тексеру комиссиясының ұжымы Асыл Аманғалиұлын лайықты марапатымен құттықтап, оған зор денсаулық, отбасы амандығын, толағай табыстар мен алдағы қызметіне жаңа жетістіктер тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomabay/press/news/details/1258976?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау