Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Азамат Кәрімұлының қатысуымен Ветеринария қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шара барысында Азамат Кәрімұлы ветеринария саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, бұл саланың қоғамдағы маңызына ерекше тоқталды. Өз сөзінде: «Медицина адамды емдесе, ветеринария адамзатты емдейді» деген қанатты сөзді атап өтіп, ветеринар мамандарының халық денсаулығын сақтау, эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудағы еңбегін жоғары бағалады.
Салтанатты жиында ветеринария саласының ардагері Слямбек Насырбайұлы да сөз сөйлеп, әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сала мамандарына ақжарма тілегін білдірді.
Мереке аясында өз қызметін адал атқарып, саланың дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар мамандар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Жиын соңында сала қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне толағай табыс пен кәсіби жетістіктер тілеп, ел игілігі жолындағы жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1258240?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау