Ветеринария саласының өкілдеріне құрмет көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбектің қатысуымен ветеринария саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

Мерекелік жиында аудан басшысы сала қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына қосып жүрген үлесін атап өтті.
Салтанатты рәсім барысында ветеринария саласының дамуына елеулі үлес қосып, ұзақ жылдар бойы табанды еңбек еткен сала ардагері Нұрлан Беркінбаевқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының Алғыс хаты және «Жаңақорған ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табысталды.
Сонымен қатар, бірқатар сала қызметкерлері мен ардагерлеріне облыс және аудан әкімдерінің Алғыс хаттары, сондай-ақ аудан әкімінің Құрмет грамоталары табыс етілді.

Іс-шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланып, мерекелік кешке жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1258129?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version