ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституция мен «Мемлекеттік қызмет туралы» заң нормаларын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде.

🔹Бүгін, 14 шілдеде департамент өкілдері Абай ауданы әкімінің аппарты қызметкерлерімен кездесіп, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізді.

🔹Бас қосуда Конституцияның елдің құқықтық жүйесіндегі және әрбір азаматтың өміріндегі айрықша рөлі бірінші кезекте сөз болды. Кез келген заңнамалық реформа, соның ішінде мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары Конституцияда бекітілген заң алдындағы теңдік, әділдік және адам құқықтарын қорғау принциптерінен бастау алады. Негізгі Заңның нормаларын мүлтіксіз сақтау мен құқықтық мәдениетті арттыру – мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі.

🔹«Мемлекет адам үшін» қағидаты
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңның негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметтің миссиясын бекіту, адамға бағдарланған сервистік аппаратты қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру және кадрлық процестерді цифрландыру болып табылады. Заңға енгізілген түзетулер блогы елдің жаңа Конституциясына сәйкестендіруге бағытталған.

🔹Жемқорлыққа қарсы талап күшейді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы заңнамаға сәйкес, халық көп шоғырланатын орындардағы – аурухана, мектеп, ЖОО және банктердегі тұрмыстық жемқорлық үшін жауапкершілік артты. Соның ішінде заңсыз сыйақы алу, қорқытып алу және сыйақы беру әрекеттері үшін жаза барынша қатаңдатылды.

🔹Құқықтық сауаттылық пен заң талаптарын сақтау – баршамызға ортақ міндет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-abai/press/news/details/1258933?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version