«ЖАҒАЛАУ FEST – 2026» фестивалі аясында «Затон», «Заря» және «Пристань» жағажайларында ерлер және әйелдер командалары арасында жағажай волейболынан қалалық турнир өтті.
Турнир әр жағажайда жеке-жеке өткізілді:
- «Заря» жағажайы: 6 ерлер және 6 әйелдер командасы;
- «Пристань» жағажайы: 12 ерлер командасы және 8 әйелдер командасы;
- «Затон» жағажайы: 6 ерлер командасы және 6 әйелдер командасы қатысты.
Жалпы жарысқа 44 команда қатысты. Спортшылар саны – 88.
Әр жағажайда марапаттау рәсімі жеке-жеке ұйымдастырылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубоктары, медальдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1257924?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау