Жамбыл облысындағы жерасты газ сақтау қоймасының қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев жұмыс барысында аймақтағы стратегиялық маңызды нысан – «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Ақыртөбе» жерасты газ сақтау қоймасында болып, кеңес өткізді.
        Вице-министр кәсіпорынның қауіпті өндірістік нысандарын аралап, күшейткіш компрессорлық станция мен ұңғымалардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ газ тұтынудағы маусымдық және тәуліктік ауытқуларды реттеу, газдың резервтік қорын қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Кездесуде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, технологиялық жабдықтарды қауіпсіз пайдалану, авариялар мен өндірістік жарақаттанудың алдын алуға баса назар аударылды. Сонымен қатар, өндірістік бақылау жүйесінің тиімділігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалу деңгейі сараланды.
     Вице-министр «Ақыртөбе» жерасты газ сақтау қоймасының Алматы және Жамбыл облыстарын тұрақты газбен қамтудағы маңызды рөлін атап өтті. Ол «Қазақстан – Қытай» магистралдық газ құбырына қосылған күшейткіш компрессорлық станцияның қысымды реттеудегі және экспорттық газдың артық көлемін отандық тұтынушыларға қауіпсіз бағыттаудағы маңыздылығын тілге тиек етті. Осыған байланысты, аталған бағыттағы жұмыстарға тұрақты бақылауды тапсырды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1259239?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version