13 шілде – Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ардагерлері күніне орай Жамбыл облысының прокуратурасында салтанатты іс-шара өтіп, прокуратура саласының дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсетілді.
Іс-шара барысында облыс прокуроры Жандос Әбдібаев пен облыс прокуратурасының басшылығы ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтады.
Облыс прокуроры прокуратура органдарының бүгінгі жетістіктері мен беделінің қалыптасуында ардагерлердің еңбегі ерекше екенін атап өтті.
Бүгінде облыстық прокуратура органдары ардагерлері кеңесінің құрамында 64 ардагер бар, оның ішінде 19-ы – әйел.
Мерекеге орай 18 ардагер түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды.
Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Алғысы», «Заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалі, облыс прокурорының, облыс әкімінің, облыстық мәслихат төрағасының құрмет грамоталары мен төсбелгілері, сондай-ақ Тараз қаласы, Жамбыл және Мойынқұм аудандары әкімдіктері мен ардагерлер ұйымдарының марапаттары бар.
Салтанатты жиында ардагерлерге гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталып, мерекелік дастарқан ұйымдастырылды.
Сонымен қатар Мойынқұм және Т. Рысқұлов аудандарының прокуратуралары өз өңірлеріндегі екі ардагердің тұрғылықты мекенжайына арнайы барып, сый-сияпаттарын табыс етті.
Жамбыл облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1258614?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау