Жануарлардың қатысуымен болатын жол апаттарының алдын алу үшін жарық шағылыстыратын таспалар орнатылмақ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысында мал иелеріне жарық шағылыстыратын таспалар тегін үлестірілді. Бұл қарапайым құралдар түнгі уақытта үй жануарларының жол бойында анық көрінуін қамтамасыз етіп, көлік апаттарының алдын алуға мүмкіндік береді.

Аталған шараны «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы КОФ «ҚАЖсервис» ұйымымен бірлесіп ұйымдастырды.

Жануарлар көбіне Қарағанды – Қарқаралы, Қарағанды – Жезқазған, Қарағанды – Павлодар және Ботақара – Керней – Үміткер бағыттарындағы автомобиль жолдарына шығады.

Қараңғы уақытта немесе ауа райы қолайсыз болған жағдайда жарық шағылыстыратын таспалар көлік фараларының жарығын кері қайтарады. Нәтижесінде жүргізушілер жануарларды алдын ала байқап, жылдамдықты төмендетуге мүмкіндік алады.

«ҚазАвтоЖол» компаниясы өкілдерінің айтуынша, осындай қарапайым әрі тиімді шаралар жол-көлік оқиғаларының қаупін айтарлықтай төмендетуге көмектеседі.

Акция аясында мал иелеріне 225 жарық шағылыстыратын таспа таратылып, жануарларды қауіпсіз жаю талаптары түсіндірілді. Мұндай таспаларды кез келген адам өз қаражатына сатып ала алады — олар тігін бұйымдары мен фурнитура сататын дүкендерде бар.

Ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз, бақылаусыз жаю үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Айыппұл көлемі 3-тен 10 АЕК-ке дейін (12 975-тен 43 250 теңгеге дейін).

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1258342?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version